Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  110


Автор: Батырхан Сәрсенхан

«Сұлусыз» деп қызды алдау...

«Сұлусыз» деп қызды алдау
күнә ма екен?
Жазған баста айып жоқ, сірә, бөтен.
Тек әлем таңданудан тұра ма екен?
Алдану да бақыттың бұлағы екен.
Табиғатта тіптен аз толымды өлшем,
Ақ сезімнің арман не, жолында өлсең.
Сұлусыз! - деп жымидым әжей көрсем,
Сұлулық! - деп атадым ару көрсем.
Оған қажет етеді дәлелді кім?
Тым тәкаппар бейнеңе сәлем, күнім!
Сырын бағып жүргенде қалқатайдың,
Сұлулыққа шомғандай әлем бүгін.
Бүр жарған дөңеске де, белеске де,
Сұлулық жасыл гүл ме,
Жоқ, ештеңе!
Үшеудің бірі сұлу, бірақ, бірақ,
Сұлудың мұңы сұлу емес, неге?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу