Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  361


Автор: Батырхан Сәрсенхан

Ата

Ата, сен өлесің бір күні,
Ізімен алжыған көп шалдың.
Аз ғана доғарып күлкіні,
Амалсыз мақтармын.
Отырам көшкедей омбы қар,
Көзімді толтырып моншаққа.
Барыңда күндейтін сорлылар,
Жер басып жылайды сол шақта.
Шығарар жырау қып, жыршы қып,
Бәрі де, бәрі де сандырақ.
Өкпешіл баладай қырсығып,
Табыттан тұрмайсың сен, бірақ.
Жұрт келер тойындай көпестің,
Жанарға қалқан ғып жең ұшын.
Өлгенше жем берген екі ешкің,
Өлгенше бақырар жем үшін.
Мен едім тік өскен бақша тал,
Өрімдей бұтағы көкке ауған.
Өлмеші, өлмеші, ақсақал,
Жалықтым өлгенді мақтаудан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу