Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  77


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Көктем кетті...

Көктем кетті,
Жаз да өтті, тағы күз.
Оған неге таңғаламыз тағы біз?!
Сол жүректің түкпіріне тығылып,
Бізбен бірге ілесіп жүр бағымыз.
Жастық дәурен,
Неге, қалай тез өтті?
Сол бір сезім өртеп жатыр өзекті.
Өмірімнің ағысымен ағайын,
Ұлдарыма берейінші кезекті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу