Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  407


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Бәйшешек гүлдегенде

Хат жазғанмын қалам алып ақпанда,
Оңтүстікте ақ қар еріп жатқанда.
Көкше қызы сен де сәлем жолдадың,
Ақ ұлпаға оранып ап, мақпалға.
Ақ құсым ең, алған едім ұшырып,
Хатыңды оқып денем тұрды ысынып.
Көктем гүлі бәйшешекті бүр жарған,
Сыйлай алмай ұсынып.
Сол тәтті шақ, отыз бір жыл, сәттерім.
Саған жазған өлеңдерім, дәптерім.
Қас пен көздің арасындай уақыт,
Бала сезім тәтті едің.
Бір бақытын тапты бәлкім, бір бақыт.
Бір болмадық,
Амал қанша, сырласып.
Жұпарым ең, бағымда өскен гүлімді,
Алғаным ба ұрлатып?
Отыз бір жыл,
Бәйшешек гүл гүлдеді.
Бұл дүниенің болады екен бір кемі,
Қырдың гүлін теріп жүрер сәт туса,
Есіңе алып жүр мені.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу