Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  103


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Ініме

Өкпелеп жүрсең күйіне,
Ағаңды шақыр үйіңе,
Жақының жаттай түңілсін,
Тізесін бүгіп иіле.
Демеймін сені жат екен,
Көңілі қарау, лас екен,
Төрт қыздың алтын әкесі,
Келінмен бірге басы екеу.
Тірлігі сол-ау Құдайдың,
Ары да бері сынайды,
Кінәрат жасап, ғайбаттап,
Кешірім сұрап жылайсың.
Көңілі әппақ баладай,
Қиғылық кейде салады-ай.
Ағам-ау десең елпілдеп,
Кетуші ем кейде қарамай.
Кеудемде намыс тасиды,
Көңіл де кейде жасиды.
Бұл бала неге ұсақ деп,
Ішімде қаным тасиды.
Сүйікті ұлы әкемнің,
Келінді өзім әпердім.
Қиыспас бауыр деген бар,
Ар жағын ойла мәтелдің.
Қимаймын, іштей жылаймын,
Сынай бер өмір, шыдаймын.
Төрт қызға берген несібе,
Ақ сыйы болсын Құдайдың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу