Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  91


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Менде бір мінез бар

Ұйқысыз ататын әр таңы,
Еліртпей, кең салмай арқаны,
Елпілдеп жүгіріп бармаймын,
Маған жұрт көп өкпе артады.
Көп жерге ұмсынып бармаймын.
Демеймін шаршадым, қартайдым.
Көп жұрттар өкпелеп жүр әлі,
Жас болып тұрсам да шаршаймын.
Біртүрлі мендегі әлемім.
Ішімде дүрбелең әлем мұң.
Өлеңім өмірім ұға біл,
Көргенде тап солай сәлемім.
Жыр жазсам күні-түн төкпелеп,
Оны да жазуға от керек.
Сөзі мен тірлігі басқа деп,
Өтінем, өкпелеп, сөкпе тек.
Қиял да сыры асыл, қолдаса,
Тоның да қадірлі, тоңбасаң.
Ақындар ақ пейіл бірақ та,
Жабырқап жүргені болмаса.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу