Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  70


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Қарашаш тоқсанбайға

Алла берген,
Ақ етіп пейіліңді.
Болашақты ойлаған, кейініңді.
Бір әпкем бар,
Көңілі ақ патшадай,
Ақ пейілді жүрегі мейірімді.
Ұстаған ұстанымы, туы мықты.
Алтын ғой,
Жақындасаң буы мықты.
Қараша қара қаздың баласындай,
Желтоқсанда бұл әпкем туылыпты.
Жансыз ғой Егеменге көрік берген.
Кей ісіңіз артық қой, бөрікті ерден.
Шыңдалған шығармаңыз мірдің оғы,
Қамшыдай,
Қазақ бабам өріп берген.
Бұл тілек,
Ақ неттен туған жырым.
Шат көңіл,
Көңілің хош, думан бүгін.
Тал бесікте тербелген бақытты шақ,
Әпкетай құтты болсын туған күнің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу