Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  90


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Мен ұялшақ емеспін, тұйықпын ба...

Мен ұялшақ емеспін, тұйықпын ба?
Бір тәмсіл айтсам егер ұйып тыңда.
Биліктің де ішінде ұлылар жүр,
Ел ішінде жүрген көп, биік тұлға.
Бір адам жүр, жете алмай айлығына,
Біреудің қолы жетпей шайлығына.
О дүниеге арқалап кететіндей,
Құныққан байларым жүр, байлығына.
Сап деймін,
Сабыр сұрап, сап көңілім.
Табатын жақын емес, жат көңілін.
Су сұраса сүт берген пейілің ақ,
Халқым-ау,
Ақ жүректі ақ көңілім.
Бір қайырлы несібе кешігесің,
Сынайсың пенделерді несіне шын?
Адам түгіл, жәндіктің иесі бар,
Төгіп-шашып жаратқан несібесін.
Құсалықпен өткізсең жыл айыңды,
Екшейтін Алла ғана сыңайыңды.
Мың бір пәле көрсең де қорғап алар,
Ей пенде,
Ұмытпашы Құдайыңды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу