Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  96


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Қала жыры

Қара қарын қоярсың қасуыңды.
Қайран көңіл,
Қойсаңшы жасуыңды.
Алла мені жалғыз қып жаратпаған,
Өлеңнен алып алам ашуымды.
Кеше көңілім аңдаусыз түсіп кетті.
Ібілістер ізіме түсіп кепті.
Көңілім де көктемгі гүл сияқты,
Суыққа да шыдамай үсіп кетті.
Ештеңе өзгерген жоқ, тұр ғаламым.
Мен неге жұртқа өкпелеп бұлданамын?
Сырты сұлу,
Ал іші сазарып тұр,
Болмысы тап осындай бұл қаланың.
Барыңның берекесін жат ұрлайды,
Бұл қала,
Бауыр тартып шақырмайды.
Даланың тарландары неге құмар?
Неліктен қалаларға жақындайды?
Сыйқы осы,
Бары да осы бұл қаланың.
Терезеден сығалап ұрланамын.
Шын бейнеңді сүйреттеп кетермін ақ,
Қолымда тұрған кезде қыл қаламым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу