Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  123


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Ақын ініме

Бір інім бар,
Алла маған ептеген,
Сіңісуге дайын тұрар көппенен.
Сол көгімде екі жұлдыз бар десе,
Біреуі Елнұр деп айтар ем, көпке мен.
Түйілмесін қақ төбеңнен қара аспан.
Тура жолға жөн сілтейін, адассаң.
Пейіліңе Алла берсін бауырым,
Жақсы жандар нұр сыйлайды жанассаң.
Жаңбыр жауып Алатауға қақ тұрып,
Тылсым дүние,
Таңды алғанмын аттырып.
Менде сондай ыңайсыздау мінез бар,
Бірді ұнатпай, бірді қалар жақтырып.
Ұқсаспыз ба,
Көңіл жықпай құлайсың,
Ағаңа да, жеңгелерге ұнайсың.
Ең бастысы арасында еркелеп,
Аяғында кешірімді сұрайсың.
Талайын да көрдім демей мұндайдың,
Таңнан таңға әңгімеңді тыңдаймын.
Көк бөріге келіп інім шынықтың,
Әлі сені шыңдаймын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу