Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  72


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Қаралы күн

Бір досым бар,
Елді ойла, сөз бер-дейді.
Бір досым бар, әртүрлі сөзге ермейді.
Бүгін бізде Қаралы күн дейміз-ау,
Әй қайдам, ештеңе де өзермейді.
Шықсақ та жалау ұстап ұрандатып.
Біреуі басу айтар түр алдатып,
Ителгідей көндіріп аламыз деп,
Арасында аламыз қыранды атып.
Түлкіге, ителгі де шүйлікпейді.
Түлкіні айлакер де, жүйрік мейлі,
Айласын асырып жүр сыртқы күштер,
Ал халқым кінәлі тек билік- дейді.
Қан жылайды жүрегім ойлаймын да,
Дүниенің қызығы-ай, тоймай мына,
Өлгендерді ішімнен жоқтап жүрем,
ҚАРАЛЫ КҮН, авама қоймаймын да.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу