Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  73


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Қандендер, үріп жатсыңдар...

Қандендер, үріп жатсыңдар,
Күн келді бүгін бақ сынар.
Бәріңде судан тазасың,
Бәрің де сүттен ақсыңдар.
Аңсап бір жүрсең өткенді,
Оралмас қайта көктемді,
Аралап бір сәт келсеңші,
Құлын-тай шапқан көк белді.
Барыңды жоққа қиярсың,
Есіңді мүлдем жиярсың.
Көзіңде тұрған мөлтілдеп,
Жасыңды сүртіп тиярсың.
Құрт түсіп кетсе санаңа,
Өзіңді ұлық санама.
Жөн сілте, ақыл айта жүр,
Басынан сыйпап, балаңа.
Бас бұзар досым, батырым.
Бар еді-ау сенің ақылың.
Сол бала сенен жаралған,
Ақымақ деме қатыным.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу