17.08.2022
  265


Автор: Айткүл Сәулебаева

Жаңа мизандран

Өткен замандарда Әбдіхамит деген патшаның уақытында бір адам екінші бір адамнан жер сатып алыпты. Әлгі жер сатып алған адам жерін айдап жатса, айдаған жерінен бір құмыра алтын тауып алыпты. Жер сатып алған адам жер сатқан адамға барып: «Сенің сатқан жеріңнен бір құмыра қызыл алтын шықты, ол алтын сенің есіңнен шығып кеткен екен, соны барып алып кетерсің», – дейді, сонда жер сатқан адам айтады: «Мен саған жердің бәрін сатқанмын. Ол менің алтыным болса, неше рет айдап жүргенде шықпас па еді? Ол алтын сенің несібең, өзің ала бер дейді. Жер алған кісі айтады: «Мен сенің жеріңді алғанмын, алтыныңды алмаймын» деп, Әбдіхамит патшаның алдына келіпті. Сонда патша екеуінен де сұрап, бұл екеуі де алтынды алмаса, жерден шыққан алтынды кім алады деп уәзірлерінен сұрайды. Сонда бір уәзірі тұрып айтты:
«Бұл жерден шыққан алтын патшаның несібесі болса керек», – дейді. Сонда патша айтады: «Құдайдан қорықпаған ақымақ екенсің, жер сатқан алмайды, жер алған алмайды, мен алып менің қай ата-бабам көміп қойып еді», – деп, әлгі уәзірді қуып жібереді. Және де бір уәзірі айтқан: «Жер сатқан мен жер алғанынан сұраңыз? Ұлы, қызы болса бірін-біріне некелеп қосып, алтынды ұл мен қызға берсін»,

– дейді. Сонда патша сұрапты, қайсыңда ұл бар, қайсыңда қыз бар? деп. Жер сатқан ұлым бар, жер алған қызым бар дейді. Екеуінің
де баласын шақыртып алып, қызды ұлға неке қылды. Ұлдың аты Нарон, қыздың аты Сәлима екен. Әлгі алтынды ұл мен қызға береді. Сонда тұрып Сәлима айтады: «әй, Нарон, менің саған айтатын сөзім бар». Нарон:
– Айт, – дейді.
– Мен айтсам, екеуіміздің аталарымыз алмаған дүниені біздер қалай аламыз, кімнен қалған дүние, біз алсақ мұны ішіп-жеп ақырында қандай жауап береміз, біздер патшаға барып арыз қылайық, бізден алып басқа біреуге берсеңіз екен, біз бұл бәледен құтылсақ тәңірі тағалам біздің несібемізді әзелде маңдайымызға жазып қойған болар, сол несібеміз таусылғанда өлерміз дейді.
Нарон мен Сәлима патшаға арыз қылды. «Бұл пәлені бізден алып, басқа біреуге берсеңіз екен, біздің аталарымыз алмаған алтынды біз қайтіп аламыз. Бізге құдайдың берген несібесі бар, соны несібе етсек те болады» – депті.
Патша бұларға таңғалып, ынсаптарына «бәрекелді» деп. Нарон менен Сәлимадан алтынды алып, өзінің жанынан көп дүние беріп қайтарады. Патша уәзіріне бұл алтынды не қыласыңдар деді. Бір уәзірі: «Бұл алтынды бұрынғы шыққан жеріне шұқыр қазып көму керек», – деді. Тағы бір Әбдиәлім деген уәзірі: «Құдайдың берген дүниесін жерге көму керек емес. Бұл дүниені қайырлы іске жұмсау керек. Кімде кім бір жеміс ағашын тамырыменен алып келсе, сол ағашты осы алтынға сатып алып жақсы жерге егіп, сол ағашты бау қылып, бағушыларға беріп, жеміс салған уақытта бейшараларға ішіп-жеуге ықтияр беріп қойса, жақсы-ақ болар еді, – деді. Бұл сөз патша мен уәзірлеріне мақұл көрінді. Әбдіхамит патша әлгі Әбдиәлім уәзіріне айтыпты: «Жақсы, өзің сол ізгі жеріне жұмсарсың», – дейді. Сонда Әбдиәлім уәзір халыққа хабар беріп таудың бағынан жеміс ағаштарын тоқсан мың алтынға сатып алды. Бұл ағаштарды жақсы жерге егіп, қалған алтындарды отыз адамға бөліп беріп,
осы бақшада бақшашы боласыңдар, – дейді. Бұлар үш жылға уәде қылып, үш жылға шейін отыз адам әлгі ағаштарды күтті, бұл ағаштар өсіп жеміс салыпты. Бұл ағаштардың бәрі қалың өсіп, қараңғы болып кеткен соң, құдайдың құдіретімен он мың түп гәуһәр шам пайда болыпты. Бұл гәуһар шамның жарығы күндіз-түні бірдей 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Аман
Аман 08.05.2023 01:46
Керемет!

Пікір жазу