16.08.2022
  585


Автор: Айткүл Сәулебаева

Ақ тиын мен қасқыр

Ақ тиын бұтақтан-бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып, оны жегісі келеді.


Ақ тиын жалынып:



  • Мені жеме, жібер? – дейді.

  • Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр уақытта шат болып жүресіңдер?


Сонда ақ тиын:



  • Мені жіберіңіз, сонан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп сөйлей алатын емеспін, – дейді. Қасқыр ақ тиынды босатады. Ақ тиын ағаш басына шығып алып:

  • Сен, қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады, сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін де әр уақытта шат болып жүреміз, – депті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу