16.08.2022
  873


Автор: Айткүл Сәулебаева

Ешкі мен қасқыр

Тасты таудың басында ешкі оттап жүр еді; таудың төменгі жағында тамақ іздеп, аш қасқыр жүр екен. Тау басындағы ешкіні көріп, қасқыр айтты:



  • Тау басында сен оттағандай шөп жоқ қой, онанда төмен түсіп, жердегі тәтті, шырынды шөпті жесейші!


Ешкі қасқырға айтты:



  • Әй, шырағым, тау етегіндегі тәтті шөпті өзің үшін сақтарсың, ал маған тау басында да жақсы, – деді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу