Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  145


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Тарих тағлым

Тарыңды егіп,
Келіңді түйіп, талқан іш.
Неліктен осы,
Кінәні жұртқа артамыз?
Мемлекет түгіл жанұя тірлік ішінде,
Туындап досым жатпайма күнде арпалыс.
Мәскеуді алған «Темірім» сенген «Тоқтамыс»,
Жоқтаймын десең,
Тоқтамыс ханды жоқтаңыз.
Елімде бірлік,
Елімде тірлік жарасқан,
Халқым-ау сабыр,
Жүгенсіз болма, тоқтаңыз.
Тоқтамыс ер ме,
Болды ма әлде сұғанақ?
Саурандар қайда, Сарайшық қайда, Сығанақ?
Темірдің тастай бұйрығы әдіре қалған соң,
Тоқтамыс ханды өлтірген жоқ па қуалап.
Арпалыс тірлік,
Таразы ойын, Тақ деген.
Шахмат жүріс, алысар қара ақпенен.
Тыныштық пенен кеңпейілділіктің жаршысы,
Тегіңді білші
Түбіңді білші, Сақ деген.


Ақтау да міндет, арттырып берген сенімді.
Ұқтырып жүрсің,
Көрсетіп жүрсің тегіңді.
Саясат деген сардарлы орта емес қой,
Оғланды жишы,
Жандарды жишы сенімді.
Күнә мен кінә,
Билікке үйіп артамыз.
Билікке барсақ өзіміз нені жарытамыз?
Сүрініп кеткен жандарды тілдеп, сынаймыз,
Диванда жатып қышынып жатып арқамыз.
Кім дейміз осы,
Кінәлі кім, деп тірлікте.
Киіз үй мынау,
Түндігін бір сәт түрдік пе?
Ұмтылдық па екен еңселі болсын елім деп,
Тұғырлы тірлік,
Тұғыры таймас бірлікке.
Таразы тарих,
Патшаның дағы құны бар.
Ашынған халық,
Тасынған халық шырылдар.
Қуамын десең өзекке теуіп өзіңді,
Жат келіп сені жүгендеп кетер, ұғыңдар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу