Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  288


Автор: Сәуле Досжанова

ТҰЛПАРЛАРДЫҢ ІШІНДЕГІ ҚАЗАНАТ

Қазақстан Республикасына
еңбек сіңірген сәулетші Саматбек Бөкебайға
Саматбек!
Түркістанның мыңнан озған өрені,
Көбесөгер ортасында жебенің,
Болатысың ортасында шегенің.
«Жақсылығын айт деген бар жақсының»
Нұрыңды бір тасытайын деп едім.
Тұлпарлардың ішіндегі қазанат,
Адамдардың ішіндегі азамат.
Жан-дүниең жанып тұрған қазан от.
Дос-жараның алушы еді түңілсе,
Саған келіп жүректерін тазалап.
Тек сұрса – Абай, Мұхтар ұрпағы,
Мен білетін жігіттердің сұлтаны,
Жөн білетін жігіттердің сұңқары!
Әкең Тәжен қасиетті кісі еді –
Яссауидың орманының бір талы.
Алла сүйген құлын салар сынаққа,
Көңіліңнің асқар тауын құлатпа.
Халимашың шуақ қосып қуатқа,
Әлі-ақ мініп Астанада самғарсың,
Өзің құйған алтын қанат пыраққа.
Бүгін тартып жатқанымен тереңі,
Ерге дәулет иіріліп келеді.
Таусылмасын өміріңнің белеңі,
Ер Махамбет, Мәншүк қызды «тірілткен»
Өзіңдей ұл қазағыңа керегі.
Саматбекжан, айналайын жасыма!
Бұл да өтер сынақ боп қас-досыңа.
Жүргеніңде жан-дүниең ашына
Демеу болар біздер барын ұмытпа,
Жан теңгермес сенің ғазиз басыңа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу