Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  325


Автор: Сәуле Досжанова

АЛДИЯРДЫҢ АТАСЫНА

Қуанышың құтты болсын Маратжан!
Тілеуіңді бергені осы Жаратқан.
Алдиярың атына сай ұл болсын,
Алты алашты ауызына қаратқан.
Арманға сай ата жолын жалғасын,
Заманға сай заңғарларда самғасын.
Ел басқарып, қол басқарып, жол ашсын
Қолбасшының немересі болғасын.
Жалғызбын деп жасымадың өмірде,
Арамдықпен құмартпадың жеңілге.
Бәрін көріп, төзіп тағы келесің
Тұлабойың ұқсап болат темірге.
Жолдасқа – бай, досқа – адал мінезің,
Тербетеді жүрегіңді жыр сезім.
Отырысты дуылдатып кетесің,
Бір рулы елге татып бір өзің.
Бүгін міне екеу болды тірегің,
Қуаныштан жарылардай жүрегің.
Маңдайына бақыт болсын балаңның,
Таңдайымнан шыққан тәтті тілегім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу