Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  105


Автор: Сәуле Досжанова

ЖЫРДЫ СҮЙДІМ ТУҒАННАН

Егін пісіп,
орақ түсіп жатқанда,
Туылыппын арайланған ақ таңда.
Хантәңірден соққан салқын самал кеп,
Көкірегіме жырдан қоңырау таққан ба?!
Сәби көңіл сөздің сырын ұғыпты,
Аяғымнан бұрын тілім шығыпты.
Естігенді қағып алып,
қайталап,
Жүректегі сыр сандыққа тығыпты.
Сандығымда сансыз сырлар тоғысып,
Күй шертеді көңілдері табысып.
Төгіледі бір кезде ол жыр болып,
Алып ұшқан сезімдермен алысып.
Мен осылай жырды сүйдім туғаннан,
Аулақтау боп ию-қию думаннан.
Жалғыздықтан өрілетін өлеңім,
Шуақ болып төгіледі тұлғамнан.
Жырды сүйдім,
сонау сәби кезімнен,
Аппақ таңда армандаумен көз ілгем.
Қаршадайдан сырлас болған құрбымдай,
Қара өлең айналайын, өзіңнен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу