Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  260


Автор: Сәуле Досжанова

ӘЖЕМДІ АҢСАУ

Әжеме ұқсап,
қолөнер болмады менің ермегім,
Әжеме ұқсап, немереме ертегі айтып бермедім.
Олар ұйықтап жатқанда қызметіме кетем де,
Бақшадан соң үйге кеп ойнағанын көрмедім.
Әжеме ұқсап, немереме таба нанға май жағып,
Жегізбедім және де тәтті сөзбен айналып.
Телефонмен тілдесіп, СМС-пен үндестім
Жұмысымнан босамай, тіршілікке байланып.
Әжеме ұқсап, немеремен иісіміз алмасып,
Құшақтасып ұйықтасақ сезіміміз жалғасып.
Ұзақ күнге қыдырсақ қырларды асып, тауды асып,
Уақыт соған жетпейді-ау тағдырменен арбасып.
Әжеме ұқсау арман ғой,
ондай бола алмаспын,
Сөзіменен тілетін өзі еді ғой алмастың.
Ертегі мен дастаны мені өнерге баулыған,
Әжеме ұқсап, немере әй есіңде қалмаспын.
Сағындым ғой әжемді, аппақ қардай тілегі,
Бұл өмірдің қыр-сырын қандай терең біледі,
Жарық күннен шұғыла сәуле шашып тұрғандай,
Ақ әжемнің пейілі-ақ,
мейірімді еді-ау жүрегі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу