Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  100


Автор: Сәуле Досжанова

АНАМНЫҢ ЖАНАРЫ

Жанымдай менің жан анам,
Жанарың қандай нұрлы еді.
Шуақтан сол бір тараған,
Көңілім көктеп, бүрледі.
Жүрсем де қайда анашым,
Жанарың мені жебейді.
Сағынып сол бір қарасың,
Күн өткен сайын демейді.
Болсам да қанша жырақта,
Жанарың көріп тұрады.
Жеткізген мені мұратқа,
Сол көздің шығар шырағы.
Балаға жаны елжіреп,
Анадай бір жан қарар ма?!
Жолымды күткен мөлдіреп,
Мың алғыс сол бір жанарға.
Сезімге кеудем тұншықты,
Шуағын шашып ғаламның.
Мейірім төгіп күн шықты,
Жанарындай болып анамның.
Еске алып айтқан сөзіңді,
Түскендей болам сабама.
Күн өткен сайын өзіңді,
Сағынып жүрмін жан ана.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу