Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  137


Автор: Сәуле Досжанова

АСТАНА – ЕЛОРДА

Сөзі: Сәуле Досжанова
Әні: Қайрат Темірғали
Есілдің жағасында арман қала,
Азиядан жұлдыз боп жанған қала.
Үйлерін зеңгір көкпен таластырып,
Ғарышқа ұмтылдырып салған қала.
Қайырмасы:
Астана - Отанымның жан- жүрегі,
Әлемге сенен атып таң күледі.
Асқақтап абыройың жер бетіне,
Жасай бер қазағымның Мәңгі елі!
II
Оятып ер түріктің қағанатын,
Орындап бабалардың аманатын
Көк туын Азаттықтың желбіретіп,
Арқаға орда орнатты жамағатым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу