Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  214


Автор: Сәуле Досжанова

Көне тарих...

Көне тарих...
рас кейде шашылды ар,
Есілдей боп ағып жатты ғасырлар.
Өткен тарих біздер үшін зарлы ұғым,
Жасырады ұрпақтардан барлығын.
Ғимараттар таласады көкпенен,
Жете алмайды алыс сапар шекпеген.
Ал бораны ұлып тұрған көк бөрі,
Бір заманда бұл шаһардың бектері,
Дұшпандармен сан алысқан, аңдысқан,
Өкініштен олар кейде қан құсқан.
Иман батыр қамал алған, қақ жарып,
Астанамның бүгін жолы жап-жарық.
Дәл осылай Есіл жатқан есіліп,
Кенесары жауға шапқан көсіліп.
Кәрі тарих маған солай десең де,
Келе жатып ойға түсем көшеңде.
Дара жолды тапты халқым бақ дарып,
Мен отырмын жырмен сырды ақтарып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу