Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  92


Автор: Сәуле Досжанова

ЖАЙНА ТУҒАН АСТАНА!

Беу, Астанам!
Әмірімен жүректің,
Күніңді де, түніңді де жыр еттім.
Мәртебесі, мақтанышы ұлтымның,
Бәрі саған арналады тілектің.
Беу,Астанам!
Жағасында Есілдің,
Сарарқаға қанат жазып, көсілдің.
Азияда гауһартастай жарқырап,
Жайнап өсіп, ұлтыңды да өсірдің.
Беу, Астанам!
Отанымның жүрегі.
Сен арқылы елім менің түледі.
Дүниенің қай жерінде тұрса да
Қазақ біткен өзіңді аңсап жүреді.
Беу, Астанам!
Қанат бердің самғарға,
Әлем танып, елім шықты заңғарға.
Азат елдің желбіреткен көк туын
Сен дегенде қазағыңда жан бар ма?!
Анамыз да, панамыз да жас қала,
Дұшпанға айбар, біз көтерген бастама.
Бақытына Қазақстан халқының
Жарқырай ел жүрегі Астана!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу