Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  71


Автор: Бауыржан Үсенов

БЕЛГІ

Талай-талай аспаздар ас-тойларда жүрді есіп,
Тұлпар менен тұғырды аламанға бір қосып.
Бітіп қалар бес-алты аспай жатып демі өрден,
Тұлпарлармен жарысқан тұғырың да өлермен.
– “Сырт тұлғасы сымбатты, қамыс құлақ, ешкі бас,
Бір құшақтай жалы бар, құйрығы бар қос құлаш.
Неге озбайды атым” – деп иелері боздайды,
Жаратып-ақ қайтадан жібереді, озбайды.
Мініп алар бір боқтап бастан бірер тартып ап,
Бәйге алады қораш ат, ай қасқасы жарқырап.
Жемде тұрса екі-үш күн шығар қайта құтырып,
Түктері де жылтырап, жанары да жұтынып.
Ел қарайтын алақтап, секілді бір қанатты ат,
Қолпаштауға мастанып иесі қайта жаратпақ.
Тұғырларды тұлпардан ажырата алдық па?
Ел көзіне түспейтін қораш қасқа шалдықпа.
Қоңырайған сырт көзге жалды болар жабың да,
Қас жүйріктің белгісі он үшінші қабырға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу