Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  75


Автор: Бауыржан Үсенов

ТАУДА

“Аңғарында аунасам тарқар мұңым,
Дарыныма дарысын дарқандығың”.
Деген сөзді күбірлеп өрлеп келем,
Арқарлының жалымен, Арқарлының.
Мұз құрсанған мәңгі шың мрамор ақ,
Жоғарыда бір ұлар жүр аңырап.
Бас қояйын жібітсін кенеземді,
Тау-ананың ақ сүті, мына бұлақ.
Доланада байлаулы тұр ақ тайым,
Ойнақтайды ұлпа бұлт лақтайын.
Шың басында тербелген жалғыз арша,
Қолыңды бер, жаныңа тұрақтайын.
Ерлік жырын тек қана сұра менен,
Толып тұрсын көзіме жырақ әлем.
Қыран ғана қонатын қияметтен
Ап қайтуға жазғай да, қыран өлең.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу