Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  83


Автор: Темірхан Медетбек

Әулекi

Сыймайсың аспан асты, жер бетiне.
Даярсың түкiруге ел бетiне.
Өңештi кепкен көндей жыртатұғын
Тап болдық сен сияқты әулекiге.
Жимайсың, –
Бiлем ендi! –
Айылыңды.
Бiлмейсiң кiнә менен айыбыңды.
Қарақан – қара бақыр! – басың үшiн
Талайсың Парасат пен Пайымымды.
Бiлмейсiң мейiрiм мен қайырымды.
(Үмiтiм сенен ендi майырылды).
Танымай жүр екенсiң Жайыныңды! –
Бiр түртiп жоқ қылатын қайығыңды.
Бiр болып сұрқиямен зәлiмменен
Кезiң бұл сөзге ие боп «дәуiрлеген».
Жабысқан балағына Арыстардың
Тұрпатың құрысыншы шәуiлдеген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу