Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  89


Автор: Темірхан Медетбек

Қорқыныш

Өткiзбейтiн жал-құмға
Қалған-сынды тiрелiп, –
Отыр адам алдымда
Үндемейтiн түнерiп.
Жай бiр нәрсе сұраңыз, –
Бiле тұра бiлмейдi.
Сөз айтпайды бiр ауыз.
Жұрт күлсе де, күлмейдi.
Қымтап алып жан-жағын
Қарамайды кiсiге.
Үмiт, ойын, арманын
Қамап қойған iшiне.
Қорқып ойға батамын,
Былай қалып күлгенiм...
Отыр адам
Ап-ауыр
Құлыпындай түрменiң.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу