Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  70


Автор: Темірхан Медетбек

Кемпiр лақтырған тас

Оңбас! – бұған күлген кiм!
бұлт құсап түйiлiп
Тас лақтырды бiр кемпiр
Ызаланып, күйiнiп.
Сөзге босқа жармаспа!
Кереметтi көр ендi, –
Қуат бiтiп сол тасқа
зырлап ала жөнелдi.
Дүниеде көрмедiм
Мұндай қуат күштi мен, –
Зырлады тас шөл, көлдiң
Ормандардың үстiмен.
Бiр зырлаған тоқтамас!
Жұлдыз болып ақты ғой...
Жұдырықтай қара тас
Ұшып бара жатты ғой.
Босқа кетiп қаңғымас!
Қорықпа да, шошыма.
Тиедi екен сол бiр тас
Кiмнiң барып басына?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу