Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  74


Автор: Темірхан Медетбек

Көл бетiндегi кешкi фантазия

Көл де тұнық, сөз тұнық,
Тұнық ой да, сана да...
Батар күнге көз тiгiп
Жас қыз отыр жағада.
Шапақ бояп аспанды,
Тұнып қалған айнала.
Қыз лақтырар тастарды
Көл бетiне жай ғана.
Басың қалай айланбас.
Жүрек-шiркiн селк етiп, –
Қыз лақтырған майда тас
Түскен сайын шолп етiп.
Шолп етедi...
Тұрады
Дүниенi ән бөлеп, –
Су бетiне шығады
Қүйтабақтар дөңгелеп.
Көзге сiңiп суретi,
Көңiлiңе – сорабы...
Сол тастардан
Су бетi
Күйтабаққа толады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу