Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  80


Автор: Темірхан Медетбек

Көп қатарлы үйлер

Ақындарды шабыт керiп тасқанда
Теңедi оны алып ұлы дастанға...
Ал мен үшiн омарталар сияқты
Биiк үйлер – тiк шаншылған аспанға.
Омартаңды қолдан келсе қорғаңдар.
Омартаңды қолдан келсе толғаңдар.
Өйткенi онда балдан тәттi үмiт бар,
Өйткенi онда балдан тәттi арман бар.
Көп қой қазiр «тәуекелiм», «Тобам» да.
Алма оны үсiтiп сен боранға...
Қорға оны, қорға оны, қорға сен
Балдан тәттi тiршiлiк бар оларда.
Жүрсем де мен мың қуанып, мың күлiп,
Тұрам кiлең жүрегiмдi тiлдiрiп...
Қорқам, қорқам балға құмар Аю кеп
Омартамды кете ме деп бүлдiрiп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу