Өлеңдер ✍️

  14.08.2022
  294


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Алматы

Түнгі қала көшелері 


Күйбең тірлік көбейеді, 


Ғажап қала сырлы қала


Құлатпасын сені ғана. 


Алматының көшелері 


Бір ғажап күш береді 


Күйбең қала қиың қала 


Жоғалтпасын сені ғана


Аяусыздан басып өтер


Аясада қиып өтер 


Түсіне алсаң ғажап қала 


Түсінбесең тозақ қала. 


Түнгі Алматы жарқырайды 


Жанарыңды жанына алып


Ешбір сырын айта алмайды 


Өйткені көп көрген қорлық, 


Шуылдаған адамдармен 


Бір сарынды жылдары мен


Дайындап шығар өміріңе 


Қарамайды көңіліңе, 


Алматы сырлы қала қырлы қала 


Тым әдемі сұлу қала 


Арманыңа жетіп алсаң 


Алғысыңды айтар қала. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу