Өлеңдер ✍️

  14.08.2022
  83


Автор: Қажытай Ілиясұлы

КЕРТАҢҚАЙ МЕН ЖЫМЫҢҒАЙШАНЫҢ АЙТЫСЫ

Кертаңқай: –А-ха-ау!
Жеттің бе, Жымыңғайша, аман
-есен?
Зіңгіттей екенсің
-ау, бала десем!
«Іздегенге,
сұраған» деген бар ғой,
Менің де кете қоймас саған есем.
Жымыңғайша: – Пендеге алданады пенде сеніп,
Сенбесек
өзімізге келмес едік.
Көресіңді
көресің «Зіңгіттейден»,
Кәнеки, қорықпасаң, белдеселік!
Кертаңқай: – А-ха-ау!
Келеғой қутыңдаған, қ
ұралайым,
Құшақтап, құмарыңнан шығарайын!..
Қолымды босатпайын аш беліңнен,
Алғанша арашалап бір ағайын.
Жымыңғайша:

Тұрғанда
түсіп қалмай
күміс тісің,
Ойымды
бұрмаламай, д
ұрыс т
үсін!..
Ниетің жаман екен
әйеліңнен,
Ажырасып тынғаннан тынышпысың?
Кертаңқай:

А -ха -ау!
Есіме түсіп кетті-ау, түлкі күнім,
Әуелі әріптестің құлқын ұғын!
Өзің ғой «белдесем» деп білек түрген,
Кімге керек ендігі ж
ұлқынуың?
Жымыңғайша:
Қолымнан жібермеспін намысымды,
Амалым–ағайынды
-абысынды.
Жықпайсың белдескенмен,
бәйгемді бер,
Доғарайық, енді с
өз қағысуды!
Кертаңқай: – А-ха-ау!
 Саудагер сөлкебайын тайға байлар,
Малым жоқ барымталап, айдап алар.
Ауылыңа аман жетсең басың олжа,
Одан артық пайданы қайдан алар?!
Жымыңғайша:
Орнықты пайда шіркін, миға барып,
Ауырға жанымызды қинамадық.
Ұш есе бағасына өткіздің-ау,
Қаладан көди-сөди жинап алып!
Кертаңқай:
– А-ха-ау!
Ойы бар, ынсабы бар, адал адам,
Ауылды бей-берекет таламаған,
Өзі өндірмей, дайынды қағып алып,
Бағасы қайта сатса, балалаған!..
Жымыңғайша:
– Жатылдық ондайға әбден себебі біз,
Ештеңе емес тексеру –дегеніңіз.
Ебін тауып, әйтеуір құтыламыз, Бойға
сіңбей қалған жоқ жегеніміз.
Кертаңқай:
– А-ха-ау!
Жол болсын, әріптесім, мақтаныңа,
Арамнан ептеп, пайда тапқаныңа!..
Тексеру асықпайды айналайын,
Бір күні ілінерсің қақпанына?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу