Өлеңдер ✍️

  14.08.2022
  107


Автор: Қажытай Ілиясұлы

ҚАЛЖЫҢТАЙДЫҢ ДҮКЕНШІМЕН АЙТЫСЫ

Жымыңғаша домбырасын ұстап сахнаға шығады. Жүргізуші
не диктор (кадрден тыс)
– «Сауда-сақал» кооперативінің ақыны Жымыңғайша кәдімгі
Қалжыңтаймен айтқысы келетінін білдіріп, «тамашағаң хат жолдаған
екен. Тілегі қабыл болды. Өйткені, бұл хабарды естіген соң,
Қалжыңтай да басын жуып, балағын үтіктеп шыға келді. Мінеки, енді
сауабын алдық.
Қалжыңтай:
–Тоқырау тұсындағы тобырлардан,
Көп естіп өтірікті көңіл қалған.
Соның ұрім-бұтағы сендерде жұр. Әр
жерге ебін тауып шоғырланған
Жымыңғайша:
– Ол кездің бітпеген ғой, жарасы анық,
Қиянат қалды-ау, деймін аласарып.
Саудаға кооператив жақындау деп,
Отырған жоқсыз ба осы пәле салып?!
Қалжыңтай:
– Бос тұрған дүкендердің
бар ма сәні,
Әрине, кооператив жармасады.
Сатады сонда кейін екі еселеп,
Орташа, арзан қолдау қалбасаны.
Жымыңғайша:
–Дүкеннің дүниесіз бар ма сәні,
Сондықтан, кім-көрінген жармасады.
Өткізсе, тапқан затын қолдан-қолға,
Мінеки, сауда өстіп жалғасады.
Қалжыңтай:
Жорта сөйлеп сүйенсе, жорамалға,
Мойнына орамалдай оралам ба?!
Саған деген көңілдің құмарлығын,
Түйіп берем осынау орамалға.
(Белін буған ала-шұбар матаны шешіп, қызға ұсынады)
 Жымыңғайша:
– Айтысқан жігіттерді аялық та,
Қыз жаны төтеп бермес қай алыпқа?!
Суырдың ышқырыңнан шүберекті,
Бұл өзі орамал ма, жаялық па?
Сөзіме бала-шағаң құлақ тұрсін,
Жігітім, қара торы ұнап тұрсын.
Қыдиып, қырылдама әуре болып,
Бес «Тележка» сүйреткен
тракторсың.
Қалжыңтай:
– Не десең де жігерім жасы майды,
Берудің күйеуімін басыбайлы.
Ақылды қыз үйдегі әйелді айтып,
Қанап тұрған жеріңді қасымайды.
Көйлегіңнің етегін бүрмеледің,
Бүрмеңнен көзімді алмай, Мақұл
десең, тастайын әйелімді
Шығарып дұниенің дұрбелеңін.
– Әй-әй, әй-әй,
– Әй-әй-ай!
Жымыңғайша:
– Үнілеме, өтірік аһылама!
Айтыс үшін шықпап па ең сахнаға?
Құда түсе келгендей құнжыңдайсың,
Есіңнен адастың ба, ақын аға!..
Өйткенше абыройды көтер аға,
Ән салып тұрған жоқпыз операда.
Досқа күлкі, дұшпанға таба болмай,
Айтысты доғарайық осы арада!..
1985 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу