Өлеңдер ✍️

  14.08.2022
  122


Автор: Қажытай Ілиясұлы

ҚАЖЫТАЙ МЕН ҚАЛЖЫҢТАЙДЫҢ АЙТЫСЫ

Қажытай:
Қолпаштың керегі жоқ мұндағыға,
Дегенмен, паналапсың ық жағыма
Жалпыға жағынатыны әділдік қой,
Тура би жақпағанмен туғанына.
Қалжыңтай:
Ендеше, фельетоннан зерігемін,
Бір кезде бәйге алған-ақ лирик едің.
Сатира саясына кіріп алып,
Ақылға симас жырдан жерігенің.
Қажытай:
Айтысқа ең керегі–ұтымдылық,
Күлкіні қуаттадым құтын біліп.
Жершілдік «желігі бар», жетесіздер,
Тілімді шығарды ғой шұқып жүріп
Қалжыңтай: Күлкінің қызығына тоясың ба?


Дүние кең емес пе ойы асылға?
Сіңірсек айдарыңнан алтын ине,
Сықақты тітіркенсең, қоясың ба?
Қажытай:Сүйенем сатираның азуына,
Егесте осы ыңғайлы жазуыма.
Бетімен кетсе
-дағы пендешілік,
Шындықтың оралмай ма қазығына?
Қалжыңтай:
Қолдаса, бағы жанбас қай баланың?


Бұйырсын, бұйырмасын бәйге аламын. Апам
бар жол ашатын жоғарыда,
Жетеді беделі де қайнағаның.
Қажытай:
Ел сенбес ескі стильді келіп көрмей,
Жиенің бар танысын теріп келгей!..
Апайың араласса, амалым не,
Қазылар алқасына ерік бермей?
Қалжыңтай:
Тиеді саған қаспақ, бізге қаймақ,


Бәйгені жұрмекпісің іздеп айлап?
Апайым ыңыранып «ызбандаса»,
 Керекке жарамайды тізген айғақ.
Қажытай:
Тигенмен саған қаймақ, маған қаспақ,
Көргендер саған қалай амандаспақ?..
Қондырып менің ұтқан жерлерімді,
Теледен бергізбесең жамап-жасқап.
Қалжыңтай:
Баяғы отыр онда жесір жеңгем,
Айрылды нағашымнан есіргеннен.
Гүл берсем, сыңар уыс қатырады
Кейпінен шошынасың кесірленген.
Қажытай:
Бәйгені әпергенмен, бұра тартып,
Жететін жақсы өлеңнің мұраты артық.
Сұңқардың соры емес пе, қарға туса,
Жыр қашап мандыта ма туа тантық?
Қалжыңтай:
Бұрынғы бұратұғын әдетпенен,
Мұндайды қайнағамыз сан ептеген
Бәйгені мен бәрібір аламын ғой,
Айтысып неменесін әлектенем?
Қажытай:
Қабырғаң толмағанмен ұстауға онша,
Күлкілі ол да мүмкін, «нұсқау» болса,
Дүние бір тазарып қалар еді-ау,
Түлкісі адамның да қыста ауланса!..
1984 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу