Өлеңдер ✍️

  14.08.2022
  63


Автор: Темірхан Медетбек

Жапырақ әлемi

Көкте бұлт түйiлдi
күркiретiп өктем үн.
Жасыл бояу құйылды
кiрiп келiп көктемiм.
Бұл дүние асылға
малынып тұр жасанып, –
орнады да жасылға
шыға келдi жасарып.
Бұзып қыстың қақпасын
жерден шыққан тасқын ба? –
Қалды тiрлiк жап-жасыл
жапырақтың астында.
Көктiң нұрлы күнi де
тұр аспаннан төгiлiп.
Жатыр қазiр дүние
жапыраққа көмiлiп.
Желпiндiрiп барады
дүниенiң желегi...
Қолдары да баланың
жапырақтай әдемi.
Самал соққан тұстарға
тосамын ғой бетiмдi
...ұшып жүрген құстар да
жапырақтар секiлдi.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу