Өлеңдер ✍️

  14.08.2022
  52


Автор: Темірхан Медетбек

Адамдар

Күнiн көрiп амалдап,
тiршiлiктен қалыс қап,
бара жатыр адамдар
бiр-бiрiнен алыстап.
Оқшау әлем құрып ап,
Саяқ ойлап жүр бүгiн, –
Күлiп-ойнап тұрып-ақ
Жек көредi бiр-бiрiн.
Ашпаймын деп бетiмдi
паналайды тасаны.
Жұқпалы ауру секiлдi
бiр-бiрiнен қашады.
Бiр-бiрiне, әттеген,
жетпейдi ғой шыдамы, –
Атпаса да оқпенен,
атып көзбен тұрады!
Бүлiк қылған ортаны,
адамдар-ай, қырқысқан, –
бiр-бiрiнен қорқады
қорыққандай жыртқыштан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу