Өлеңдер ✍️

  14.08.2022
  66


Автор: Темірхан Медетбек

Жұғымды адам

Жұғымды адам, балдай тәттi жұғымды.
Тұла бойы түсiнiктi, ұғымды.
Сырлас жандай – ашпасаң да сырыңды.
Мұңдас жандай – айтпасаң да мұңыңды.
Жоқ секiлдi мұнары да, тұманы.
Таусылмайды төзiм менен шыдамы.
Қай кезде де ықыласпен иiлiп,
Қай кезде де күлiмсiреп тұрады.
Жаңа ашылған гүлдей болып реңi,
Сырлы саз боп төгiледi тiлегi.
Iштегiңдi ишарадан сезiнiп,
Ойдағыңды емеурiннен бiледi.
Ол түспейдi қанжар болып қайраққа,
Оған жат қой айбарың да, айбат та.
Қай кезде де жұп-жұмсақ боп тұрады
Тоқаш нандай малып алған қаймаққа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу