Өлеңдер ✍️

  14.08.2022
  67


Автор: Темірхан Медетбек

Ынжық

Кетiп тiрлiк кетеуi
Мың құлатып, мың жықты...
Жыным қозып кетедi
көрсем осы ынжықты.
Тұрамын ғой шыдамай,
от шарпиды дененi.
Ынжық деген, құдай-ай,
неткен қансыз жан едi!
Неткен сорлы мұншама!
Құлатады туыңды! –
Үндемейдi
құйса да
төбесiне жуынды.
Сүмiрейiп тұрғаны
салса да әкеп табанға –
Жүресiң ғой жынданып
ынжық осы адамға.
Күйесiң де жанасың
бүгiлсе де, бұқса да –
үндемейдi,
қарашы,
басын күлге тықса да.
Жiбердiң деп есеңдi
Ызаланам,
кiжiнем! –
тепсем бе екен осы ендi
«ыңқ» еткiзiп iшiнен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу