Өлеңдер ✍️

  14.08.2022
  48


Автор: Темірхан Медетбек

Түрмеден қашқан адамның шошынуы

Атадан қалған мұрадай.
Мұңданып күн-түн жылаған –
қысымға қатал шыдамай
түрмеден қашты бiр адам.
Күл болып кенет арманы
қалды оның жаны тарынып, –
сығылып бүкiл жан-жағы
айнала кеттi тарылып.
Жәутеңдеп қалды табанда
ашылды жанның жарасы, –
мұп-мұздай тартып адамдар,
суық боп кеттi қала iшi!
Шошынды –
тиып желiгiн! –
Шошынды арсыз беттерден –
Жандарды көрiп
елiнiң
тәуелсiздiгiн жек көрген.
Шошынды! –
тиып желiгiн! –
Шошынды бұғып қашқақтап –
жандарды көрiп
елiнiң
азаттығынан бас тартқан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу