Өлеңдер ✍️

  14.08.2022
  76


Автор: Темірхан Медетбек

Панасыз үмiт

Кiмдер қалай десе де
сiз де күйiп,
жанасыз.
...Дәл бүгiн мен көшеде
үмiт көрдiм панасыз.
Сол бiр үмiт безiп жүр
жан өзегiн талдырып...
Сол бiр үмiт кезiп жүр
қайыр сұрап,
қаңғырып!
Сол бiр үмiт наладан
жүдеп,
әбден жадаған, –
күдiк-иттер қабаған
қан жоса қып талаған.
Кiргiзбейдi, –
қарашы! –
Соқса да ажал дауылы –
қатыгездiк қаласы,
қатыгездiк ауылы!
Мұң-мұқтаждық қинаған
безедi үмiт ашынып, –
күнi бойы жинаған
тиындары шашылып.
Сол бiр үмiт,
сезiнем!
Алған жанын мұз етiп, –
Жас ағады көзiнен,
табанынан сыз өтiп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу