Өлеңдер ✍️

  14.08.2022
  89


Автор: Темірхан Медетбек

Күн сайын мен өлемiн

Күн сайын мен өлемiн!
Ел-жұрт оны бiле ме?!
Дей көрме сен дер едiм:
Өлген – өмiр сүре ме?
Қалай ұқсаң,
солай ұқ,
күн сайын мен өлемiн,
жүре-тұғын қарайып,
сүлдерi бар денемiн!
Тексiз,
әңгi есектер
бiр жағымнан ақырып,
жала,
жалған
өсектер
зәрлi сөзiн сапырып,
Сойылдарын көтерiп
зорлық пенен зомбылық,
адасу мен қателiк
үмiтiмдi солдырып,
онсыздағы езiлген
жүрекке у тамызып,
қатыгездiк көзiмнен
қара қанды ағызып, –
тiлек,
ойды жаңқалап,
қатер,
бәле келтiрер –
бәрi-бәрi анталап
күнде менi өлтiрер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу