Өлеңдер ✍️

  14.08.2022
  73


Автор: Темірхан Медетбек

Қауіп

Сөздер айтып тiкенектi, түрпiлi
жинап былай қойдық бiздер күлкiнi.
Жаман болып бара жатыр арамыз
соқтығысып қалармыз-ау бiр күнi.
Сәл бiр сөзге өртенемiз, жанамыз,
сәл бiр сөзге быт-шыт болып қаламыз.
Ала құйын,
ақ тозаңын ұшырып
не боп кеттi,
не боп кеттi арамыз.
Бiлемiн ғой –
сенiң-дағы көп мiнiң,
бiлемiн ғой –
менiң-дағы көп мiнiм.
Соқтығысып қалармыз ба бiр күнi
тау бұзардай менiң-дағы екпiнiм.
Тау бұзардай сенiң-дағы екпiнiң.
Олай деймiз,
былай деймiз,
бүй деймiз!...
Сөзбен келiп қағытамыз, түйреймiз...
Шынымен-ақ соқтығыссақ –
бiлiп қой –
поездардай екеумiз де күйреймiз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу