Өлеңдер ✍️

  14.08.2022
  90


Автор: Темірхан Медетбек

Қатерлi сөз

Батырам деп түнекке
қанталаған қабарып,
жылдар бойы жүректе
жатты бiр сөз қадалып.
Сорғалап бiр сор көзден
талаурады, талды үнiм,
дiр-дiр еттi сол сөзден
өмiрiм мен тағдырым.
Сол жауыз-сөз қабарып,
құртамын деп барыңды
жүрегiме қадалып
сорып жатты қанымды.
Құтқарам деп тiлек пен
арман, қызық күлкiнi –
сол сөздi мен
жүректен
жұлып алдым бiр күнi.
Жаным мұңға батты ғой
сөндiм қайта бiр көктеп, –
қаным тамып жатты ғой
сол бiр сөзден дiрдектеп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу