Өлеңдер ✍️

  14.08.2022
  309


АЛЛАҺҚА МАДАҚ

Дастан Ақаш,
Алматы қаласы.


 


О, АЛЛАҺ!
Ұлы АЛЛАҺ, теңдессіз ғаламдағы,
Қиялың жетпес ғажайып санаңдағы.
Армандары адамның тұр қолында,
Жақындатар ізгі, жақсы амалдары.
Қайырмасы:
Бес уақыт намаз,
Құлшылық қыламын.
Жеткізер бақытқа,
Түсірген Құраның.
Өзіңе арналсын,
Мадағым, жыр, əнім.
Рухымды қандырды,
Ислам – бұлағым!
О АЛЛАҺ!
Ұлы АЛЛАҺ, сыйынар тəңіріміз,
Құдіретіне АЛЛАҺТЫҢ қанығыңыз.
Қолында оның тағдыры күллі əлемнің,
Тоқтап жүрек, соғатын тамырыңыз.
Қайырмасы:
Қаншама мейірім,
ОЛ жаппар иенің.
Шынайы иманмен,
Сондықтан сүйемін.
Сəждеде жақындап,
Басымды иемін.
Мұхаммед ісінен,
Өнеге түйемін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу