Өлеңдер ✍️

  14.08.2022
  263


Автор: Гүлнар Шəмшиева

ҚАЛАЙ ЖЕТЕМІН

Кəусар жағасы құлпырған бояу,
Бəрі ұйқыда, сен ғана ояу.
Сағыныш самалы тербелді баяу
Мұстафа, саған қалай жетемін?!
Аспанның асты айналды бүгін
Қылышы жырдың қайралды бүгін.
Көңілім дауыл, ойран-ды бүгін,
Мұстафа, саған қалай жетемін?!
Ғашықтық оты қақтады бүгін,
Жарылды жердің шакпағы бүгін.
Жұлдызым неге ақпады бүгін
Мұстафа,саған қалай жетемін?!
Жеріме түстім күрсініп қана,
Қайта құралдым, мың сынып жаңа.
Өксік-өкініш тіршілік тола,
Мұстафа, саған қалай жетемін?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу