Өлеңдер ✍️

  14.08.2022
  120


Шөже Қаржаубайұлы

Бәйтікті жамандағаны

Кім өлсе, соған түсер заман ақыр,
Өлмесе, жол шетінде неғып жатыр?
Айраншы шешең күңдеп естуші едім,
Түпсіз құл емес пе едің бауыры тақыр.
Сенің шешең айраншы,
Бүтін көйлек кимеген,
Аузына өкпе тимеген,
Бетін жумай, кір
-кір боп,
Жылап өткен дүниеден...
Шапаны болған жамаулы,
Қайғыда өткен қаяулы.
Күні-түні таяқ жеп,
Көрмеген еді аяуды.
Көзінен жасы кеппеген,
Кет десе де кетпеген.
Жаман шолақ шапаны
Дізесіне жетпеген...
Бетін жумай ас берген,
Ер Қанайға қас келген.
Ел жайлауға көшкенде,
Далада сенің шешеңді
Ыстық күнге тастаған.
Сапты аяқтай қара күң
Ауылда ұрыс бастаған...
Басына шомыт жастаған.
Басына шомыт жастанып,
Қойшы менен қолаңға
Жатады екен бас салып.
Құдай пайда қылған соң,
Анаңның біттің қарнына.
Атаң Тілеуберді, Қанай болған соң,
Арамнан, батыр, тусаң да,
Ақыры келдің орныңа...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу