Өлеңдер ✍️

  13.08.2022
  63


Автор: Темірхан Медетбек

Күту

Өзгеше боп есiтiлiп өз үнiм
елеңдейдi сезiгiм мен сезiмiм.
Күте-күте,
күте-күте өзiңдi
тозып бiттi, тозып бiттi төзiмiм.
Түн iшiнде таусылғандай шыдамы
бiреу келiп есiгiмдi ұрады.
Сен екен деп ашам барып жүгiрiп
бiрақ... бiрақ...
ешкiм жоқ боп шығады.
Жатқан кезде түндi қосып түндерге
бiреу жүрер сықырлатып iргемде.
Атып тұрып терезеге үңiлем
кезiп жүрген көрiнбейдi бiр пенде.
Бос бөлмеден – жүрегiмдi жұбатқан
сенiң үнiң естiледi құлаққа.
Шыдай алмай жетiп барам бөлмеге.
Шамды жағам,


ешкiм жоқ қой бiрақ та!
Шым-шытырық ойлар, ойлар қамаған
ұстап менi жiбермейдi даладан.
Түу сыртымнан жетiп келер әлдекiм.
Жалт қараймын.
Жоқ қой бiрақ жан адам!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу