Өлеңдер ✍️

  13.08.2022
  84


Автор: Темірхан Медетбек

Өлең жазған...

Өлең жазға


сөз бен сөздi құраған,
сырт жүретiн күпiршiлiк, күнәдан
атаққа ие,
құрмет пен сыйға ие
бақытты ғой ақын! – дедi бiр адам.
Ақын қалай бақытты адам бола алмақ?!
Жүрсе бiреу қалт-құлт етiп амалдап,
кертартпалық жатып алса табандап,
тұрса бiреу қауiп күтiп алаңдап.
ақын қалай бақытты адам бола алмақ?!
Адам келiп күш көрсетiп адамға,
бiрi айдаса екiншiсiн аранға,
күдiкпенен қарап бiреу заманға,
арсыз бiреу басса арлыны табанға;
ақиқаттан үстем шығып қаралық,
бiреу жүрсе қабақ шытып қабарып,
тұрса бiреу,
тұрса бiреу егiлiп
көзiнен – жас,
жүрегiнен қан ағып;
Тоғышарлық даңғырлатып табағын,
аузын ашса бiреу бiтеу жараның,
жылмаң қағып тұрса бiреу түлкi боп,
қасқыр болып ашса бiреу аранын;
бiреу жүрсе –
көрмей жасын-жарықты,
бiреу жүрсе –
көрмей асыл жақұтты –
айтыңдаршы,
айтыңдаршы өздерiң
ақын қалай бала алмақщы бақытты!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу