👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  13.08.2022
  69


Автор: Амантай Бағыт

Жастық шақ әні

 


             ( әні: Т. Рахымдікі)


 


Арманның ақ құсы боп қалықтаған,


Жастық шақ қалдың кейін шарықтаған, шіркін


Жас дәурен ертегідей,


Қадірін қалдым білмей,


Қызығын айта берем мың бір түндей.


 


   Шақырған белесіне,


Гүл-көктем әлі есімде


Ерейін ең болмаса елесіне


Арманның әні қандай жарқын еді,


Жас кездің арзаны жоқ, алтын еді шіркін!


 


Ақ таңды қарсы алғанбыз,


Куәгер шолпан-жұлдыз,


Көк аспан-жайлауында-көңіл мұңсыз


Жайдары ән самалы ескен,


Сол бір таң қандай әсем!


Жарасар осы шақты ғажап десем.


 


        Арманның асқарына жеткен жан бар ма,


        Армансыз ғұмырында өткен бар ма, шіркін.


 


Сағымдай көлбеңдеген,


Түсімде көргенменен,


Оралмас бұла дәурен сол кеткеннен


Ғажайып сол күндерді,


Шуағы мол күндерді


Әніме қоса тұғын кезі келді...


 


 


 


       Амантай Бағытұлы


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы